﻿﻿<?xml version="1.0" encoding="utf-8"?>
<rss xmlns:dc="http://purl.org/dc/elements/1.1/" xmlns:content="http://purl.org/rss/1.0/modules/content/" xmlns:media="http://search.yahoo.com/mrss/" xmlns:turbo="http://turbo.yandex.ru" version="2.0">
<channel>
<link>https://16-oskemen.edu.kz/</link>
<language>ru</language>
<description>Мекенжай - Өскемен қаласы әкімдігінің "Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі</description>
<generator>DataLife Engine</generator><item turbo="true">
<guid isPermaLink="true">https://16-oskemen.edu.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/mekenzhaj/720-ly-abajdy-alaklge-sapary.html</guid>
<link>https://16-oskemen.edu.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/mekenzhaj/720-ly-abajdy-alaklge-sapary.html</link>
<description><![CDATA[
Елімізде табиғатының сұлулығымен саяхатшылардың назарын өзіне аударып, ішкі туризмдегі демалыс кешендерінің қатарын толықтыратын табиғи орындар өте көп.
Қазақ даласының қай қиырына барсаңыз да таңғалдыратын, сұлулығына көз тоймай, қимастықтан жолдан қалдыратын көрікті мекендер көп. Қазақстан туризмін 2020 жылға дейін жандандыру мақсатында әр туристік нысанның атқарып жатқан қызметі, дәл сол табиғи аумақтың табиғатындай көңіл толтырады. Алакөл көлінің демалушылар санын көбейтіп, табиғи аумақтың хал-ақуалын жандандыру мақсатында биылғы жылы Үшарал қаласында әуежай ашылғандығын басшылыққа ала отырып, ел туризмінің оңалып келе жатқанын дәлелдейміз. Бірнеше ғасырлық тарихы бар бұл көлдің демалушылары да Алакөлдің бұрынғы жайын білуге құштарлық танытады.
Әңгімеге арқау болған табиғи аумақ, хамеллион сияқты басқа кейіпке өзгеріп шыға келмейді. Қазір қандай болса, бұрын да сондай болды. Арнасы толып, толқыны жаңа жарқабақты кейінге шегертті демесеңіз, тасты аймақтағы бұрынғы жартас сол жартас күйінде. Тек жағалаудың ар жағында жаға ұстатып айтар жаңалықтар өзгерді. 1968 жылы кеңес-қытай шекарасында өрт тұтанып, бірден басыла қойған оқиғаның құпияларынан бастап, кешегі Арқанкергендегі әрекеттердің барлығы айдынды Алакөлдің көз алдында болды. Жансыз заттарға тіл бітсе, біраз нәрсенің арты ашылып қалайын деп тұр, негізі. Керемет табиғатымен шартарапқа белгілі болған бұл киелі өңірді көруге кезінде кімдер құмартпады?! Тіпті, қазақтың бағына біткен ұлы перзенті, данасы, данышпаны Абай Құнанбайұлы да бұл өлкеге аяқ басқан.
Абай атамыздың Алакөлге келуіне осы бір жағдай себепші болыпты. Алакөл аймағында, Ойжайлау дейтін тау етегінде болыс сайлау үшін, сол болыстыққа үміткерлердің жиыны өткізіледі. Осы мәселені ушықтырмай шешу үшін ел жақсылары Абай атамызды шақыртыпты. Семейден бес күн жол жүріп, Абай пәуескемен Ойжайлауға жетеді. Болыстыққа үміткер 7-8 адам бір-бірімен бәсекелесіп, барлығы Абайды асыға, киіз үй тігіп күтеді. Солардың ішінде 20 жастағы Дулат есімді жас жігіт те бар еді. Абай бесінші күні Ойжайлауға келіп түседі. Болыстыққа үміткерлер Абай атамыздың алдынан күтіп алып әбден жалпақтайды. Дулат мұндайды ұнатпай оқшаулау жүреді. Абай атамыз пәуескесінен түсіп, сәлем алып болғаннан кейін, үміткерлерді кезекпен таяғымен түртіп жатыр екен. Барлығы кейін шегініп, төмен қарай берген көрінеді. Кезек 20 жасар Дулатқа келгенде: «Соқыр Құнанбайдың ұлы, қой санап жүрмісің, тарт таяғыңды деп» деп Абайды ұнатпапты. Сонда басқа бәсекелестер қуанып, Дулат енді болыс бола алмайды, Абайды ренжітті деп ойлайды. Екі күннен кейін Абай болыстыққа Дулатты ұсынған екен. Сонда данышпан Абайдың барлығының кеудесін түрткені, қайсысының жүрегінде от бар екенін тексергені екен.
Осы оқиғадан кейін Дулат пен Абай атамыз дәм-тұздас болып, жақсы араласқан екен. Дулат ел ішінде беделді, парасатты адам болып, осы болыстықта 30 жыл отырған. Алакөлдің ең бай екі адамының біреуі, осы кісі болған. «Дулаттың жылқысы қаптап келіп, Шынжылы өзеніне суға түскенде, су құрып қалушы еді» деп көзі қарақты қариялар бертінге дейін айтып жүрген екен.
Абайдың әкесі Құнанбай да – Алакөлге келген кісі. Барлық тауы жағынан келіп, үй тіктіріп, Барлық-Арасанда бір ай демалған екен. Сондай-ақ, 1846 жылы Ойжайлауда Құнанбай, Бексұлтан төре, Барақ сұлтан бастаған ел жақсылары Ұлы жүздің Ресейге бодан болуы туралы құжатқа қол қойған. Айдынды Алакөлде жазылмаған тарихи оқиғалар жетерлік. Тек соны жариялайтын жұлқынған журналистер жоқ. Көзі қарақты қариялардың жанары да, өздері де жыл өткен сайын сағымдай бұлдырап кетіп жатыр. Олар айтар, айтуға талпынар, тек жастардың құлақ салудағы құлықсыздықтары аманат миссиясына қиянат жасап тұр ғой.
]]></description>
<turbo:content><![CDATA[
]]></turbo:content>
<category><![CDATA[Мекенжай]]></category>
<dc:creator>admin</dc:creator>
<pubDate>Fri, 21 Feb 2020 11:46:39 +0600</pubDate>
</item><item turbo="true">
<guid isPermaLink="true">https://16-oskemen.edu.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/mekenzhaj/704-ayn-shayrayna-bryn-zholy-tspegen-zamandastara.html</guid>
<link>https://16-oskemen.edu.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/mekenzhaj/704-ayn-shayrayna-bryn-zholy-tspegen-zamandastara.html</link>
<description><![CDATA[
Абай (Ибраһим) Құнанбаев
Ақиқат ұшқыны
Сіз білсеңіз керек, көкірегіне осы ақиқат ұшқынын қондырғысы, Абай сәулесімен жүрегін нұрландырғысы келіп, Жарыққа талпынған жан бұрын да, қазір де көп, ертең де оның қарасы қалың болары анық. Олардың бәрі халқымыздың рухани меккесі –  Абай елін, ұлы ақынның туған жерін көруді, поэзия патшасына мінәжат етуді өздеріне адамдық зор парыз санайды. Тіпті, Жидебайда бұрын болып жүрсе де, киелі мекенге жылына ат басын тым құрыса бір бұрғысы кеп тұратын ағайын баршылық. Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» тарихи- танымдық еңбегінде ерекше ардақ тұтатын ұлы тұлғалардың бірі де тағы Абай!
Ерекше ықылас
Алты алашпен бірге ғасырдан ғасырға асып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасар құдіретті сезім! Туған жердің төрт қиырынан, іргедегі Ресей мен Қытайды былай қойғанда, алыс-жақын шетелден арнайы іздеп келетін адам легі мұнда үзілмейді. Олар ұлылардың мәңгілік мекені – киелі топыраққа жүректері толқи отырып, тебірене қадам басады. Ұлы даланың данышпан ұлдарының әруағына тағзым жасайды, өмір сапарындағы өздерінің бір парыздарын өтегендей мерейлері өсіп, ақын шырақшыларына разы көңілмен аттанады.
Жүрегін тыңдағандар.
Қайрат пен ақылды Жүрекке жүгінткендер (Абай).
Сіз түсінесіз ғой, олардың іздегені Абай... ұлы ақынның рухынан тірлік талқысында таяныш тапқысы, тіпті рухани жалғыздықтан жандарына араша сұрағысы келеді. Жидебайға жолы түскендер, Абайдан басқа ештеңеге алаңдамайды, жоқ пен барды түгендеп, тінткілемейді. Қайта керісінше, киелі мекенде аса терең ілтипатпен тебіренеді. Сосын, әрине біздің  қызметте қалт кеткен тұстарымызды да көрмейді немесе көргілері де келмейді. Олар, ұлы ақынның табанының ізі қалған қасиетті топыраққа қадам басқандарына жандары желбіреп, жүректері шаттанады.
Абайға асыққандар
Сіз байқайсыз ба, бізді келушілердің қатал сынынан арашалап алатын да ұлы тұлғаларымызға деген терең сүйіспеншілік сезімі. Сұқ көз бен сұғанақ сөзден аталарымыздың асыл қасиеті әрқашан қалқан болуда. Рас, ұлылар мекенінде, тіпті, кейбір кірпі мінезділер де инелерін іштеріне бүгіп, қасиетті мекеннің киесінен қорқады. Әйтпесе, рух мәртебесі – Жидебайда әлі де ажарын аша түсіп, оның ішкі мол қуатына сыртқы сән-сәулетін жарастыра атқарар шаруа жетерлік. Алайда, Жаратушының назары түскен құтты қонысты жайлаған ақын шырақшыларының өз міндеттеріне сергек қарайтынын көрмеу де әділетке қиянат болар еді.
Шыңғыстау – ақындық пен адамдық төрі!
Ал, Абайға қызмет ету – алты алашқа қызмет жасау. Осыдан артық ардақты міндет бар ма?! Абайдың музей-үйі, «Шәкәрімнің саят қорасы» музейі, Абай-Шәкірім кесенелер кешені, Би ата (Кеңгірбай би) кешені және Зере-Ұлжан мазары мен басқа да жиырмаға жуық тарихи орындар мен ескерткіштер сыр шертетін 6.400 гектар қорық аумағы да осындағы шырақшы жиырма азаматтың жауапкершілігінде. Бұған Абай қыстауынан елу шақырым жердегі Көкбай Жанатайұлының мазары мен музейінің де жаңағы Абай шырақшыларының мойнында екенін қоссақ, жауапкершілік жүгі одан бетер салмақтала түседі.
Аса жауапты да абыройлы міндет.
Сіз білесіз бе, сырт көз, былайғы жұрт бұдан, әрине бейхабар. Бұрын болмаған соң, келіп көрмегеннен кейін кінә жоқ, әлбетте. Бірақ, өкінішке қарай, Абайды жалғыз өзі ғана ардақ тұтатын секілді күпініп, барды белінен басып, көз алдындағыны көрмей, Жидебайдан «жүдеп» қайтатындар да бар. Олар Абайды жекеменшіктеп, шаруаның мәнісіне бармай жатып-ақ, алдын ала кесіп-пішіп, жеке бастың өкпесімен сын семсерін сілтеуге білек сыбанып келеді.
Тәкаппарлық
Өзінен басқаның еңбегін ескеріп, барын бағаламайтын өзімшілдік. Олар Абайға табынып қана қоймай, ұлы ақын мұрасын жанын сала қорғайтындардың көп екенін көрмейтін мұнафықтар. Тіпті, «Абай жолын» егемен заманда еркін санамен тым құрыса бір қайтара оқып шықпай-ақ, ғұлама Әуезовтің мұрасынан мін іздеп, бесенеден белгілі «тап күресінің көлеңкесімен» алысатындар да солар.       Сіз ондайлардың «сыбағамызды» сұратпай-ақ үйіп, төге салуға тым жомарт екенін білсеңіз керек. Демек, біздің бұл әңгімеміз оларға емес, Абай еліне асыққан ардақты замандас, Сізге арналады. Біз бүгінгі әңгіме тиегін ақын шаңырағына бұрын жолы түсе қоймаған замандасқа, әсіресе жас өскін-келешекке арнап ағытып отырмыз.
Абай сөзіне, шіркін ертерек зейін қойсақ, қандай!? Жалпы, біз қазір қолға алып жатқан көп бастаманың дәйектемесін басқа жақтан іздеудің қажеті жоқ. Бәрін де Абайдан табасың (Н. Назарбаев), Абай – телегей теңіз ғой, содан қасықтап пайдалансақ та сарқылмас қазына (М. Әуезов). Олай болса, Абай еліне сапар шегуге жиналған замандасқа ұлы ақын туралы, оның ақындық және өнер айналасы мен өскен ортасы жайында аз-маз мағлұмат берген ләзім.
Асыл мұра
Сізді сапарға шақырған Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі ұлы Абай, кемеңгер Шәкәрім мен ғұлама Әуезовтің өлмейтұғын қазынасы терең де тағылымды сыр бүккен киелі мекен.
Абай үйі
Сізге, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің қанатының астындағы сегіз отаудың әрқайсысының-ақ ұлы даланың ұлы тұлғасының өмірі мен шығармашылығы және Абайдың ақындық мектебі өкілдерінің бай мұрасы жайында айтар сөзі мен аманат етер қазынасы мол. Олай болса, Абай шаңырағына бұған дейін жолы түспеген замандасқа айтар Алғысөзді неден бастағанымыз жөн, асыл мұрамен алғаш жүздескен жанға әуелі қалайша дұрыс жол сілтеп, оның қандай мағлұматқа алғаш қаныққаны абзал?
Алғысөз.
Тегінде, ұлы Абайды бұл іргелі әңгімеден аулақ адамға егжей-тегжейлі түсіндіріп, оның терең сырына қанықтырмақ болу, Сіз дұрыс түсінесіз ғой, бос әурешілік. Бұл, басқаша айтқанда, асығыс жолаушыны жолдан бөгеп, шырайлы әңгімеге тартқандай әбес әрекет. Ол тек ұялғанынан ғана басын шұлғығаны болмаса, ештеңе ұға қоймайды... «қайран сөзім қор болған». Ал, кейбіреу жол-жөнекей сөзді арқаланып, барған жерінде аз-маз естігенін «өзімбілемге» салып, Абайдың жарларының есімдерін аналарының есімдерімен шатыстырып-ақ ұятқа қалады.
Олай болса, Алғысөздің алтын жүлгесі қайсы?!
Әңгіме желісі...
Абай және ақын мұрасы туралы сөзіміздің шумағын қалай тарқатсақ қонымды?..
Сізге, сіз секілді жаңа танысқан барша замандасқа алғысөзді неден бастап, қалай өрістетсек жұғымды болады?.. Көңілдегі осы қиын сауалдың жауабы оңай табылды. Ол – Абай музейінің Семейдегі бас шаңырағындағы  «ізетті, бірақ асығыс», «асығыс, бірақ Семейге келе тұра Абай шаңырағына бас сұқпады» деген секілді көз бен сөзден ығатын  ресми қонаққа арналған экскурсиялық таныстырылым орамы.
Бұл жүздесу – «Абай дәуірінен» бастау алып, Хәкімнің ақындық айналасымен жалғасып, Абайтанумен өріліп, Шәкәрім мен Әуезов мұрасымен сабақтаса келе «Абай арманымен» түйінделеді. Яғни, бұл экскурсия орамын қолда бар асыл мұраның ең бір жинақты жері, Абай өмірі мен шығармашылығының өзіндік бір беташары десе артық емес.
Сонымен...
Сіз байқаған боларсыз, әсілі, біз өз әңгімемізді «Ақиқат» деп ауызымызды ашқанда-ақ бастап жібергенбіз. Олай болса, әлхисса сөзімізді одан әрі нақтылай түссек, музей экспозициясының ең бірінші бөлімі – «Абай дәуіріне» қадам басқан сәтте  Сіздің көз алдыңыздан ашылған ұлылар мекенінің картасы – Абайдың атамекен, туған жерінің бағыт-бағдары.
Сіз рухына тәу етіп келіп тұрған ақын шаңырағы орналасқан Семей сонау он тоғызыншы ғасырдағы білім мен мәдениеттің ордасы, киелі жерге сапардың бастауы. Бодандық бұғауындағы елдің бір пұшпағы еді ол кезінде. Қараңғылық қапасынан жол іздеген алаш арыстарының еркіндік пен бостандық рухына толы мекен. Қаладағы бас мұражай, сонымен қатар, ұлы ақынның табанының ізі қалған қасиетті шаңырақ. Абайды қастер тұтқан зиялы қауым өкілдерінің бірі – ХIХ ғасырдағы орыс көпесінің үйі.
Қилы кезең.
Ойсыз жанға оңайырақ-ау өмір сүрген (Абай). Бізге, ең алдымен, Ұлы ақын өмір сүрген дәуірдің тыныс-тіршілігінен хабардар болмайынша, ақын мұрасын байыптай алу екіталай (М. Әуезов). Барша қазақпен бірге Ырғызбай ұрпақтары да отарлық бұғаудың азабын аямай тартты. Бірақ, алдағы заманның қазаққа қасірет әкеле жатқанын ұлттың Абай секілді біртуар тұлғалары ғана көре алды. Ұлы ақын У ішкендей мең-зең қалыпта, сырты – бүтін, іші толған дерт болатын. Қараңғылық пен надандық данышпанның жүрегін сыздатса, отаршыл империяның тақ сондай ұрдажық, ноқай әрекеті одан бетер жанына батады.
Сонда ел-жұртқа көмектесудің амалы қайсы? Құлдықта қаталаған халыққа қайтсе ауызына су тамызып, дәтке қуат етерліктей селбесуге болады?! Ақынның төрт мәрте болыс, екі рет би болып, ақ патшаның заңдарын ұлттық болмысқа жақындату үшін Қарамола және Көктұма ержелерін жазуы немесе оларға ұсыныс беруі де қиын заманда қандастарына қарлығаш қанатымен су сепкендей хәл. Бұған, айталық, «Қарамола» ержесіндегі ұлы ақын енгізген «күйеуі өлген әйел адамның, әмеңгері болмаған жағдайда бұрынғыдай екінші рет сатылуына» тыйым салатын, «барымташы ұсталған күнде, оның шығынын бұрынғыдай туыстары емес, оған ат берген, қолдау көрсеткен адамның есебінен өндіру туралы» қабылданған нақты баптар дәлел.
Сіздің назарыңызға келесі кезекте ұсынылатын Абай шежіресіндегі ұрпақтардың әр буынының байдың, қажының, яғни «тап жауының ұрпағы» ретінде көрмеген қорлығы жоқ. «Бізден бұрынырақ өмір сүрген аға буын бақыттырақ екен» (Құнанбай) деп тебіренеді Абайдың әкелері. «Көк тұман – алдыңдағы келер заман,/ Үмітті сәуле етіп көз көп қадалған» − бұл Абайдың өз сыры. Ақын ұрпақтары кінәсізден кінәсіз жапа шегіп, запыран ішті. Мәселен, «Турағұл Абайұлында 5-10 қара, 30-40 қой-ешкі бар екен. Бұл сол кездегі өлшем бойынша, тіпті орташа дәулеттінің санатына да жатпайды... Абай атамыздың асыл көзі Турағұл 1934 жылдың 6 наурызында 59 жасында қайтыс болып, кейін Шымкентте зауыт салынғанда зираты соның астында қалады» (Б. Ерсәлімов «Құнанбайдың қуғын-сүргін көрген ұрпақтары», Семей, 2005 ж., 23-бет).
Аяусыз тағдыр.
Еріксізден еріксіз өздеріне өздері қол жұмсауға барғандары да болды. Шәкәрім... жары Айғаншадан Ғафур, Қабыш, Ахат, Зият деген төрт ұл мен Жәкіш, Гүлнар есімді екі қызы болған. Бұлардың үлкені Ғафур мен оның ұлы Баязит отызыншы жылдардағы ел басына күн туған шақта қорлыққа шыдай алмай, өздеріне өздері қол жұмсайды. Ал, Қабыш болса, сол жылдары аштықтан көз жұмған. Қажының кенже ұлы Зият сол ашаршылық жылдары Шыңғыстау көтерілісі бұрқ ете қалғанда бірер серіктерімен Қытай асып кеткен.
Музейдегі Абай дәуірі туралы әңгіме одан әрі – «Шәкәрім», «Абайдың ақындық айналасы», «Абайтану», «Абай арманы» жайында сабақталады. Шәкәрімнің қазір қолда бар үш суретімен де осында таныса аласыздар. Олар кемеңгердің ақындықпен қатар саятшылық, бес саусағынан өнер тамған шеберлік және қоғам ісіне араласқан қайраткерлік еңбегінен жан-жақты мағлұмат береді. Ал, мына чемоданға 1961 жылы Шәкәрім қажының сүйегі салынған екен. Оған Ахат Құдайбердиев Құрқұдықтан аршып алған әкесінің сүйегін бөлеп, Бақанастан Жидебайға әкелгені мәлім. Чемоданның ұзындығы – 72 см, ені – 46 cм, ішкі жағында «Ленинград, 1952» деген жазуы бар. Қарауылда тұрған Кенжетілеу Доланбеков үйінің мүлкі. Оны Абай мүзейіне 2017 жылы Айдар Доланбеков тапсырған.
Абайдың ақындық мектебінің Шәкәрім бастатқан шәкірттері тағы кімдер еді?.. Абайдың тұңғышы Ақылбай, тағы бір ұлы Мағауия, ең адал досы Көкбай, шәкірттері Әріп пен Әсет, немересі Әубәкір Ақылбайұлы. Демек, Абайтанудың асқан білгірі Қайым Мұхамедхановтың рухына тағзым етер кез келді.  Әуезовтің тапсыруымен Абайдың  ақындық айналасын ізерлей зерттеп, алғыс естудің орнына Қайым аға адасқан қоғамда қуғын-сүргін көріп, жазықсыздан жазықсыз  25 жылға сотталып, түрме қапасының зардабын тартты. Бұдан соң, өзінің музей қорындағы хатында «АН-2» самолетінің ішін ұжмаққа теңеуіне таңдануға да болмас.
Ал, Абайды тану Алаш арыстары Әлихан Бөкейханмен басталып, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Сұлтанмахмұт Торайғыровтармен жалғаса келіп, қазақ әдебиетіндегі жаңа сала, Абайтану ілімінің арқатірегі – ғұлама Мұхтар Әуезовке жол ашары түсінікті. Сондықтан ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын танып, білу кезеңдерінің Мұхтар Омарханұлының есімімен үкіленуі де заңды болса керек. Жиырма жасында Ойқұдықта Қазақ театрының кіндігін «Еңлік-Кебек» спектаклімен кескен де, «Татьянаның қырдағы әнімен» болашақ «Абай жолына» қадам басып, оны жаһанға танытқан да, «Абай Құнанбаев» секілді монография жазған да басқа емес, әлемнің Әуезові!
Абай қазір дүние жүзіне танылды. Елбасы осыдан ширек ғасырға жуық уақыт бұрын, егемендігіміздің елең-алаң шағында, ұлы ақыннның 150 жылдық салтанатында Абай туралы «Жан иесі жарыққа талпынбай тұра алмайды... халқына қамқор, ұлтына жанашыр болам деп жүріп, күллі адамзатқа мейірбан гуманистік өреге көтерілді»-деп атап көрсетіп, мерейтойдың әлемдік деңгейде атап өтілуіне тікелей қамқор болса, одан кейін де Семейге жолы түскен сайын ақын рухына тағзым етумен келеді (Н. Назарбаев «Абай туралы сөз»). Республика Президенті осыдан екі жыл бұрын алты алашты зор серпіліс туғызған еңбегінде «Абайдың даналығы, Мұхтардың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері – бұлар бабалар үнінің бір парасы» деп ұлылар рухына бас иіп, (Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан), күні кеше «Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді» - деп зор мақтан етеді («Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан).
Бүгінгі тәуелсіз Қазақ елі де, Ұлы Абайдың және барша ата-бабаларымыздың аңсаған арманы болатын. Елбасы Абай шаңырағына сыйға тартқан «Тағзым» кітабына «Абай мұражайы құтты болсын! Абай арманы орындалып, еліміз бақытқа жетсін!» деп естелік қалдырған екен.
Сондықтан Абай шаңырағының түйінді сөзінің айтылар тұсы  да осы «Абай арманы» экспозициялық көрме залы. Абай туралы әңгіме, әлбетте таусылмақ емес. Ал, біз соның Алғысөзін ғана айттық. Сіздердің Абай мұрасымен жүздескендеріңізге әрқашан қуаныштымыз. Келіңіздер, хәкім Абай сөзіне құлақ салыңыздар, жан иесінің Жарыққа – Абай сәулесіне талпынуы адамдық парыз.
Болат Жүнісбекұлы,
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекттік
қорық-музейінің директоры.
<pubDate>Thu, 20 Feb 2020 13:09:30 +0600</pubDate>
</item><item turbo="true">
<guid isPermaLink="true">https://16-oskemen.edu.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/mekenzhaj/700-zhidebajday-abajdy-muzej-j.html</guid>
<link>https://16-oskemen.edu.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/mekenzhaj/700-zhidebajday-abajdy-muzej-j.html</link>
<description><![CDATA[
Жидебай қорық алқабы Семейден 178 шақырым жерде Абай ауданы жерінде  орналасқан. ХІХ ғасырда бұл Шыңғыстау баурайында, Қарауыл өзенінің бойында жатқан қырат еді. Атауы осы жерді Құнанбай, Өскенбай әулетіне дейін мекен еткен адам  Жидебай есімімен аталған екен.
Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлы 1840 жылы Жидебайға қоныс тепті. Кейін Абайдың інісі – Оспанның  еншісіне қалдырып, Құнанбай өзі Ақшоқыға көшеді. 1894 жылы, Оспан қайтыс болғаннан екі жылдан кейін, бұл қыстау Абай жайына айналды. Ақын өз жобасы бойынша қыстауды қайта салдырды. Абаймен бірге бұл қыстауда кезінде Оспан мен Еркежан бауырына салып алған Ақылбай балалары: Әубәкір мен Пәкизат тұрды. Абай  дүниеден өткен соң қыстауға Әубәкір ие болып қалды.
1945 жылы Абайдың 100 жылдық мерейтойына  орай қыстау мұражай-үй ретінде қалпына келтіріледі. Абайдың 125  жылдық мерейтойы қарсаңында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мемориалдық  экспозиция жасалған. Ал,  Абайдың 150  жылдық мерейтойының қарсаңында  мұражай әдеби экспозициямен толықтырыла түседі.
Мұражай-үй экспозициясы 5 бөлме мен 2 дәлізде қанат жайған.
Кіре беріс дәлізде Абай өмір сүрген дәуір, ата-тек, ұрпақтарға арналған шежіре және қыстау, қыстақтың тарихымен таныстырады. Абай үйінің жұмысшылары: Қатпа және Мақып Қорамжановтар, Мұхтар Бәшеевтің естеліктері үйдің бұрынғы жай-жапсарын қалпына келтіруде үлкен көмек тигізеді. Олардың естеліктері де экспозициядан  өз орнын тауып, көрермендерді Абайдың үй ішіндегі қарым-қатынастарын, дағды,әдеттерін көз алдарына елестетуге мүмкіндік беріп тұр.
Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушылар: Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, Шаһкәрім, Көкбай, Әріп, Әсет, Уәйіс шығармашылығымен экспозицияның арнайы бөлімі таныстырады.
Заманында  Абай тұлғасы, қазақ даласына кең тараған туындылары ақын ауылына көрнекті ақын, әншілер, өнер адамдарын тартып тұратын.
Экспозиция бөлімдерінің бірі Абай ауылының қонақтарымен таныстырады. Олардың ішінде Біржан  сал  Қожағұлұлы, Мәди Бапиұлы, Абайдың шәкірттері: Әріп, Әсет,  Уәйіс ақындар бар. Абайдың ақындық айналасындағы өнерлі жастар ақынның жаңашыл шығармаларын ел  арасына таратады. Олар Абай дәстүрін жалғастыра орыс әдебиеті шығармаларын оқып, аудармамен де айналысады.
Экспозицияның келесі бөлімі  Абай мен Семейге жер ауып келген орыс достарымен қарым-қатынасына арналған. Абай олармен танысқан соң орыс және батыс европа көркем, тарихи әдебиетін жүйелі, терең  түрде оқып зерттеуге бет бұрады. Олардың Абай ауылына келгені жайлы Абайдың немере інісі Кәкітай Ысқақұлының естелігінде  айтылады: Е.П.Михаэлис (28.12.1871 – 26.04.1972 ж.), С.Гросс (04.06.1884 – 01.07.1884, Н.И.Долгополов (15.07.1885 – 10.08.1885)  Абай ауылының қонақтары болған. Жер ауып келген зиялы азаматтармен бірге  Абай  өлкетану және ағартушылық қызметімен айналысады.
Абай өлкетану  мұражайына этнографиялық заттар  жинауға көп үлес қосады, қазақтардың тұрмыс-тіршілігін тарихын, дәстүрлі заңдарын зерттеуге қолғабыс жасайды.
Абайдың көзі тірі кезіндегі ақын шығармашылығына айтылған  пікірлерден бастап, М.Әуезовтың еңбектеріне  дейін көрініс тапқан абайтану іліміне жеке бір бөлім арналған.
Ас үй
Бірінші дәлізден көреремендер ас үйге енеді. Бұл терезесі шығысқа шығатын үлкен бөлме. Кірген бетте сол жақта жоғарғы жағын күмбез тәріздес жасаған от-ошақ орналасқан. Онда екі қазан орнатылған. Біреуі үлкен, ет пісіруге арналған, ал екіншісі кішірек – басқа жеңіл тамақ дайындау үшін, ошақтың күмбез тәріздес жоғарғы жағы-булық  бөлмені будан сақтандыру үшін жасалған.
Үй қолданысында болған ағаш ыдыстар: құрт езуге арналған астау, қымыз  ыдыстары. Бөлмеде жиһаз түрлері де бар: ас сақтайтын кебеже, биік асадал – тамақ пен ыдыс сақтайтын шкаф. Барлық жиһаз түрлері жергілікті
шеберлердің жасағандары. Терезенің оң жағында беті сүйектелген ағаш төсек тұр. Төсектің тұсына Абайдың әйелі Ділдәнің тұскиізі ілінген: қара барқыт матаға қызыл матадан  жапсырма  техникасымен қазақи ою түсірілген
Абай шығармашылығының Жидебай кезеңі
Жидебайда ақын өмірінің соңғы 10 жылы өтті. Бұл кезең Абай шығармашылығының  аса өнімді жылдары. Осы он жыл ішінде 75-76 лирикалық өлеңі, 45 «қара сөздерінің» 27-сі,  Лермонтов, Крылов шығармаларының аудармалары жасалып, екі әні дүниеге келген еді. Абай үшін Жидебай ақындық шабыт пен философиялық толғаныстардың қайнар көзі болды.Екінші дәліздің экспозициясы Абайдың осы  Жидебай кезеңіндегі шығармаларына арналған.Экспозиция 90-жылдардағы лирикалық өлеңдермен ашылады. Абайдың бұл кездегі өлеңдері – биік  реалистік шеберліктің үлгілері. Шығармаларының көбі өмірдің мәні мен адамның өмірдегі алатын орнына байланысты үлкен философиялық толғаныста жазылған.
Ақынның лирикалық шығармалары «Қара сөздермен» үндесіп жатады.«Қара сөздер» 1890-1898 жылдар аралығында жазылған. Бұл ақынның өз-өзімен сұхбаты, көргені, оқығаны жайлы ойлары мен толғанысы. Ақынның ішкі дүниесін түсініп білуге арналған кілт деуге болады.
Шығармадағы өмірдің мәні жайлы толғаныс тереңдігі, биік адамгершілік пафос пен тіл көркемдігі,  үздік стиль - барлығы осы шығарманы көрнекті  әдеби ескерткіштер қатарына қоюға мүмкіндік береді.
90-жылдары Абай орыс әдебиетшілерінің ішінен М.Леромонтов пен И.Крылов шығармаларын аударады. Ақын аударған «Қанжар», «Теректің сыйы», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз» өлеңдерінің «Демоннан» үзінділер қазіргі уақытқа дейін Лермонтов шығармаларының қазақ тіліне аудармаларының ішіндегі аударма дәлдігі мен шеберлігі жағынан  ең үздігі болып саналады.
Қонақ бөлмесі
Екінші дәлізден көреремендер қонақ бөлмесіне өтеді. Бұл бөлме аса үлкен болмаса да, ыңғайлы, жайлы. Еденге сырмақтар жайылған. Қабырғада түкті кілем. Жәдігерлер арасында қазақтың халық аспабы - қобызды көруге болады.
Жұмыс кабинеті
Бұл бөлмеде ақын жұмыс істеді, кітап оқыды, өлең жазды. Бөлмеде сол шығармашылық қалып сақталып қалған тәрізді. Бөлменің ортасында - аласа дөңгелек үстел, бетіне кестелі дастархан жабылған. Үстел үстінде ақынның қалта сағаты, насыбай шақша, сия сауыт, қалам. Біраз сөз «Қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» еңбегінің қолжазбасындағы сия әлі кеппегендей. Қолжазбаның қасында тоғызқұмалақ тақтасы.
Қазақтың дәстүрлі жиһаздарымен қатар европалық жиһаздар да бар: кітап шкафы, жазу үстелі, айна, қабырға сағаты, шкаф сөрелерінде – ақынның сүйіп оқыған ктіаптары. Шығыс ақындарының шығармаларымен қатар орыс классиктерінің кітаптары, энциклопедиялық басылымдар да  бар. Жазу үстелінде – шам, шахмат,  дойбы мен өмірінің серігі – кітаптар орын алған.
Алдыңғы бөлме
Сол жақ қабырғада Құнанбайдың қажылық сапарға барғанда әкелген тақиясы – тарихи бұйым. Оны мұражайға тапсырған Абайдың шөбересі – Бағфұр Ақылбаев. Бөлме қабырғаларына  бірнеше фотосурет ілінген: Абай ұлдары Тұрағұл және Ақылбаймен; Абайдың ортаншы ұлы – Абдрахман, Абайдың інісі Оспан. Қазақтың ағаш төсегі жасаулы жиналып тұр. Ортада дастархан жабылған аласа дөңгелек үстел. Үстелде – күмістелген қымыз ыдыстары. Жарма пештің жанында  үлкен жез леген, құмған,  жиегі кестеленген орамал. Бұрышта Абайға Батыс – Сібір генерал-губернаторы барон Таубенің 1890 жылы  «Ынталы қызметі мен ерен  еңбегі үшін» марапаттаған мылтық ілулі тұр.
Еркежан  бөлмесі
Еркежан – Абайдың інісі  Оспанның әйелі. Оспан қайтыс болғаннан кейін қазақтың әмеңгерлік салты бойынша Абай Еркежанды өзі алады. Еркежанның тәрбиесінде Ақылбай балалары - Әубәкір мен Пәкизат бар еді. Өмірінің барлығын Жидебайда өткізгендіктен, сақталған заттардың көбі - Еркежанның   заттары. Әйелдердің әшекей заттары жеке көрсетілген. Оң жақ бұрышта – жиналған ағаш төсек.
<pubDate>Thu, 20 Feb 2020 11:02:41 +0600</pubDate>
</item><item turbo="true">
<guid isPermaLink="true">https://16-oskemen.edu.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/mekenzhaj/696-abaj-eskertkshtern-kartasy.html</guid>
<link>https://16-oskemen.edu.kz/abaj-ebekter-lem-mrasy/mekenzhaj/696-abaj-eskertkshtern-kartasy.html</link>
<description><![CDATA[
Абай ескерткіштерінің картасы
]]></description>
<turbo:content><![CDATA[
Абай ескерткіштерінің картасы
]]></turbo:content>
<category><![CDATA[Мекенжай]]></category>
<dc:creator>admin</dc:creator>
<pubDate>Wed, 19 Feb 2020 15:33:43 +0600</pubDate>
</item></channel></rss>